Елімізде түлектер кешін өткізу талабы күшейтілді. Енді аттестат табыстау және жалпы оқу орнын тәмамдау салтанаты тек мектеп ғимаратында өтуі тиіс. Оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға, шараларды білім ошағынан тыс жерлерде ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. «Басты мақсат – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу», — дейді мамандар.
ШЫНАР ҚУАНЫШҚЫЗЫ, ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері білім туралы аттестаттарды табыстаудың салтанатты рәсімін тек білім ұйымдарының ғимраттарында ғана өткізуді, сондай-ақ оқушылар мен олардың заңды өкілдерін қаражат жинауға жол бермеуді, мектеп бітіру кешін заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетуге бағытталған тәрбиелік және мәдени-ағартушылық бағытта ұйымдастыруды қамтамасыз етуі қажет.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.