Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады. Кездесуде өңірдің дамуы мен алдағы жоспарлар талқыланды. Аймақ басшысының айтуынша, былтыр барлық негізгі көрсеткішке қол жеткізілді. Облысқа 610 млрд теңге инвестиция тартылған. Бейбіт Исабаев соңғы 3 жылда өнеркәсіпте 29 нысан ашылып, 7 кәсіпорын кеңейтілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде, 1800-ден астам жұмыс орны құрылды. Қазір аймақта газдандыру деңгейі 67%-ға жетті. Ал туризмді дамыту үшін Алакөл мен Балқаш жағалауларында инфрақұрылым жақсартылып жатыр. Сонымен қатар Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жол жөнделуде. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Мемлекет басшысы облыс алдына 2 негізгі міндет жүктеді. Біріншісі, облысымыздың ҚХР-мен шекаралас жатуына байланысты, «Достық» торабындағы және «Қорғас» торабындағы арнайы экономикалық аймақтардағы жұмысты тиімді басқару. Екіншісі, облысымыздың табиғи қолайлы жағдайларын сараптай келе, облыста туризмді дамыту қарқынын үдетуді тапсырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.