Қызылордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қарқынды жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 800 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 20 мыңға жуық волонтер атсалысты. Саябақтар, тарихи-мәдени ескерткіштер тазартылып, су айдындары мен бұлақтардың көзі ашылды. Көркейту-көгалдандыру шаралары да жүйелі жолға қойылған. Былтыр 255 500 түп көшет егілді. Биыл да бұл жұмыстардың жалғасы ретінде қаланың кіре беріс аумағына 5 мың түп ағаш отырғызылды.
ҚАЙРАТ ЖАНСҰЛТАНҰЛЫ, ТРТПР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— «Мөлдір бұлақ», «Таза су» акциясы аясында 7 мың адам қатысып, 16 мың тоннадай қалдық шығарылды. Сырдария өзенінің жағалауы тазаланды. Қамбаш көлі, Ақеспе бұлағы, Қайнар бұлақтар тазаланып, сондай жұмыстар атқарылды. Демеушілік және бюджет қаражаты есебінен аллеялар, парктер, ойын алаңдары салынуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.