Отырар ауданынан 8 мыңнан астам тасбақа, жүзден аса жылан мен кесіртке жаңа әрі қауіпсіз аумаққа көшірілді. Бұл – елімізде алғаш рет жүзеге асып отырған ауқымды экологиялық жоба. Бауырымен жорғалаушылар егіс алқаптарына қоныс тепкен. Сондықтан табиғат жанашырлары оларды жинап, 10 шақырым жерге ауыстырды. Ал жарақат алған жануарларға ветеринарлар көмек көрсетті. Жалпы Қазақстанда тасбақаның өте сирек түрі кездеседі. Сол себепті бұл жануарды аулауға, көзін жоюға тыйым салынған. Заңды бұзғандар 13 млн-дай теңге айыппұл арқалайды немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
ЮЛИЯ ЦАУГГ, «TASBAQA» ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Жер қарқынды игерілген сайын жануарлар тек мекенінен айырылып қана қоймай, ауыр техниканың астында қалып жойылып жатыр. Біз бұл іске жауапкершілікпен қарадық. Яғни, жай ғана жинап, кез келген жерге апара салған жоқпыз. Дайындықты өткен жылдың күзінен бастап. көшірудің арнайы тәртібін зерттедік. Бұл жерде табиғатқа зиян келтірмеу үшін көптеген факторды ескеру қажет.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.