Астанада өрттен қаза тапқан үш бала жерленді | 14.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЖАЛ ШҰҢҚЫРЫ
Павлодарда жер қазып жатқан екі жұмысшы көз жұмды. Олардың үстіне топырақ опырылып түскен. Құтқару тобы марқұмдардың денесін 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиға ізімен еңбек қауіпсіздігін сақтамау, салғырттық баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

МҮГЕДЕК МҰҢЫ
Петропавл тұрғыны екі айдан бері сыртқа шыға алмай қамалып отыр. Өйткені мүгедектігі бар адамдарға арналған электрлі пандус жүруге жарамсыз. Бұл үйдің салынғанына көп жыл болмаған. Ал құрылыс компаниясы талапты неге ескермеген?

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ
Енді мектептен тыс жерде аттестат табыстап, түлек кешін өткізуге болмайды. Оқу-ағарту министрлігі жаңа талап енгізді. Ал салтанатты шараға оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынды.

БАҒАҒА БАҚЫЛАУ
Үкімет азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді. Премьер-министр инфляциялық қысымды төмендетуді тапсырды. Енді көтерме сауда орындарында ұйымдасып, бағаны әдейі көтеретіндер заңмен қудаланады.

ТАСБАҚА КӨШІ
Түркістан облысында 8 мыңнан астам тасбақа басқа жаққа қоныс аударылды. Табиғат жанашырлары жүзден астам жылан мен кесірткені де бір-бірлеп көшірді. Өйткені жануарлардың үйреншікті мекені қауіп аумағына айналған.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал