Таразда жаға ұстатарлық жағдай. Қаладағы мектептердің бірінде сабақ арасындағы үзіліс кезінде 15 жастағы жасөспірім көзінен айырылды. Анасының айтуынша, ұлын дәлізде басқа сыныптың оқушысы қағып кеткен. Кейін оны шешінетін бөлмеге кіргізіп, соққыға жыққан. Зардап шеккен оқушының досы көмектесуге тырысқанымен, оны өзге ұлдар ұстап қалған.
Бала облыстық офтальмологиялық орталыққа жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Өкінішке қарай, Дамир бір көзінен айырылды. Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БАУЫРЖАН ЖАНАЕВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар оқушылардың ата-аналары кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды тәрбиелеу жөнінде міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.