Қостанай облысында көлдегі мұз жағалаудан асып, тасжолды жауып қалған

Қостанай облысында күтпеген жағдай орын алды. Сарыкөл ауданында көлдегі мұз жағалаудан асып, «Алматы – Екатеринбург» тасжолын жауып қалған. Соның салдарынан, аймақта қозғалыс уақытша тоқтатылды. Оқиға орнында арнайы техника жұмыс істеп, жол тазартылды. Ешқандай қауіп жоқ.
Жалпы, елімізде, су тасқынына қатысты жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Қазіргі уақытта шарықтау шегі Ақмола облысында. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда.
КӘДІРБЕКОВ ЕРАСЫЛ, ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИТЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Қазіргі таңда мониторинг жүргізу үшін ілімізде 46-дан астам аэровизуалды шолу жасалған. 300-ден астам елді-мекендерде жаңағы аэровизуалды шолу, мониторинг жүргізілуде. Өзендердің гидропост орналасқан жерлерде жұмыстар тұрақты атқарылып жатыр. Қостанай облысында су тасқыны ахуалы азайтылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, өзендер су деңгейінен асқан жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал