Астанадағы өрттен кейін Өскеменде аулалардағы көлік қою тәртібі тексеріліп жатыр

Астанада үш баланың өмірін қиған өрттен кейін, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мен құтқарушылары аула ішіндегі жолдарды және автокөліктерді қою ережелерінің сақталуын тексеріп жатыр. Тәжірибе ретінде өрт сөндірушілер арнайы техникамен аулаларға кіріп, өрт орнына жедел жетуге тырысады. Алайда бұл өте қиын екені жедел түсірілім кадрларында анық көрінеді. Өскеменнің тұрғын аудандарында көліктер ретсіз, бейберекет қойылады.Тіпті подъездердің дәл алдына дейін қойып, өту жолдары қатты тарылып кеткен. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, биылдың өзінде тұрақ ережелерін бұзған 270 жүргізушіге айыппұл салынған. Бұл – ресми статистика ғана. Негізінде, заң бұзушылар саны кемінде екі есе көп, өйткені мұндай тексеру рейдтері жиі өткізілмейді.

ТІЛЕК МАНАРҰЛЫ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:
— Көпқабатты тұрғын үйлердің маңында көліктің ретсіз қойылуы – өртті сөндіруді қиындататын басты фактордың бірі. Жолдың бітелуі автосатыны орнатуға, жедел әрекет етуге кедергі келтіреді, сондай-ақ өрт гидранттарына қолжетімділікті жауып тастайды. Бұл тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал