Түркістанда клиникалар жалған медициналық қызмет арқылы 294 млн теңге жымқырған

Түркістан облысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында бір жекеменшік клиника лицензиясыз мамандар атынан 28 мыңнан астам жалған консультация көрсеткені белгілі болды. Нақты айтқанда, офтальмолог, хирург, кардиолог секілді 20-ға жуық жалған маман 91 млн теңге алған. Сонымен қатар, екі клиника 203 млн теңге негізсіз қаржы алған. Олар жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп, 40 мың жалған стоматологиялық қызмет енгізген. Тексеру кезінде бір дәрігердің бір күнде бірнеше жерде қатар «қызмет көрсеткені» анықталды. Дегенмен бұл дерек жалған болып шықты.
АЛМАЗ САҒЫНДЫҚОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
-Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникада бір мезгілде ондаған пациентке «қызмет көрсеткені» тіркелген. Қарсы тексерулер мен пациенттерден алынған жауаптар мұндай деректердің жалған екенін растады. Аталған фактілер бойынша арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, материалдар сотқа жолданды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал