Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға алда өтетін сапары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джевдет Йылмаз арасындағы кездесуде талқыланды. Мемлекеттік сапар 14 мамырға жоспарланған. Осы күндері Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысы да өтеді. Қазақстанға алғаш рет келген Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмазды қарсы алған Қасым-Жомарт Тоқаев біздің ел үшін Түркияның стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан Премьер-министрі мен Түркия вице-президенті тең төрағалық ететін Үкіметаралық комиссия отырысының қорытындылары көпқырлы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді. Президент Түркияның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалап, алдағы Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бауырластығымыз өзара сенім мен құрметке негізделген. Дипломатиялық қатынас орнаған 35 жылға жуық уақыт ішінде біз көптеген биік белесті бағындырдық. Қарым-қатынасымыз жоғары қарқынды дамып келе жатыр. Ешқандай түйіткіл жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.