Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады. Кездесуде су ресурстарын басқарудың жаһандық мәселелерін талқылап, Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына ерекше тоқталды. Президенттің пайымдауынша, бұл жаңа құрылым су тапшылығы сияқты сын-қатерлерді халықаралық деңгейде үйлестіруге және оны ұтымды пайдаланудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға тың серпін береді.
Осы бастаманы іске асырудың нақты параметрлері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте және желтоқсан айында Абу-Дабиде ұйымдастырылатын БҰҰ конференциясында егжей-тегжейлі пысықталмақ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.