Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа мурал салынды

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа мурал салынды. Арт туынды «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінің қабырғасын әсемдеді. Жаңа муралды салуға жас суретшілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Олар заманауи стиль мен ұлттық өрнекті ұштастыра отырып, ерекше композиция жасап шықты. Жалпы, Түркістан облысы аумағында жалпыұлттық бағдарлама аясындағы жұмыс жалғасып жатыр. «Таза қала», «Таза ауыл» іс-шараларына 41 мыңнан астам адам қатысып, 272 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде, 31 мың түп ағаш отырғызылып, 69 мың ағаш әктелді. 2 мың тонна қоқыс шығарылды. Осы аптада өңірде «Таза аула» акциясы өткізіледі.

СЫМБАТ СҮЛЕЙМЕН, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
– Бұл Жасыл аймақ дамыса, қаламыздың өкпесі де ашылады деген ойдамын. Бүгінгі шарада егілген әрбір тал болашақ ұрпағымызға аманат деп білемін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал