Шотты бөліп төлейік. Романтикалық кештің соңы осылай аяқталса не істер едіңіз? Жоба авторы Жаннұр Сахиеваға дәл осындай жағдайға тап болған астаналық бойжеткен хабарласқан. Қазіргінің «Қозылары» неге есепшіл болып кетті? Бұл үнемшілдік пе әлде мәрттіктің ұмытылуы ма? Отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың кәсіби кеңесіне құлақ түрейік.
Бүгін – Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні. Мені бір жігіт мерекелік кешкі асқа шақырды. Аста-төк дастарқан. Әзіліміз де жарасты. Кеш шынымен көңілді болды. Тек соңында шотты бірге төлейік дегені болмаса.
ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГ:
— Бұл – дұрыс. Қыз бала ешкімге мұқтаж емес. Өз қаражатын өзі төледі. Кетті. Ұмытты. Еркіндігін сақтап қалды. Екінші жағынан, «чайка қыздар» да бар. Кездесіп, ішіп-жеп, тарелке босатып кетеді. Сондайдан да сақ болуға көмектеседі. Тағы бір болжам, қаржылық жағын ашық айтып үйренген қыз-жігіт отбасылы өмірде бар проблеманы тең бөліседі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.