Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТАРАЗДАҒЫ ТӨБЕЛЕСТІҢ СОҢЫ
Оқушы бір көзінен айырылды. Тараздағы мектептің бірінде жанжал шығып, жасөспірім соққыға жығылған. Ота жасалды. Жағдайы ауыр. Мектеп әкімшілігі мен құзырлы орган қайда қарап отыр?
ҚАЛАҒА ҚАУІП ТӨНДІ
Петропавл маңында су деңгейі көтерілді. Есіл арнасынан асып, жақын маңдағы аумақты басу қаупі төнген. Оқиға орнында етігімен су кешкен тілші мен мамандар дерегі сәлден соң.
ТІС ТЕ, МИЛЛИОН ДА ЖОҚ
Түркістандағы медициналық қорды тонағандар ісі әшкере болды. Мемлекеттік және жеке клиника бірігіп, 203 миллион теңгені стоматологиялық қызмет арқылы қолды қылған. Кінәлілер қалай жазаланады?
МАХАББАТ КҮНІ
Ерекше ұсыныс. Романтикалық кездесу.Әлеуметтік желідегі челлендж. Бүгін – ғашықтар мерекесі Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні. Қазіргі жастар Ұлттық мерекені қандай деңгейде атап өтіп жүр ?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.