Павлодардағы 6679 әскери бөлімінде оқ атылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Әлеуметтік желіде оқиғаның мән-жайы туралы түрлі ақпарат тарап жатыр. Онда 21 жастағы әскери қызметкер абайсызда әріптесін жарақаттап алған. Кейін абдырап, күйзелістен өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар. Зардап шеккен сарбазға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу барысы ІІМ Әскери тергеу департаментінің бақылауында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.