Әскердегі оқиғаға психологиялық не тұрмыстық жағдай әсер етуі мүмкін. Әскери сарапшы Жанат Ережепов қазір қатардағы сарбаздарға жіті назар аударылғанымен, келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкерлер көбіне елеусіз қалатынын айтады. Мұндай сарбаздар әскерді өз еркімен таңдайды және жұмыстан кейін үйіне қайтады. Ал отбасында не болып жатқаны, жақындарымен қарым-қатынасы қандай екені беймәлім. Сарапшыны тыңдайық.
ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, ӘСКЕРИ САРАПШЫ:
— Келісімшартқа келемін деген кезде, олар зерттеледі, психотестерін өткізеді, сонымен көбіне қалады. Содан кейін, менің білуімше, қарауылға қарумен түскен кезде психологтың зерттеуін өтеді. Ал полигонға шығып, қаруды алып кететін кезінде, тексермейді. Психологтар көбіне қатардағы сарбаздарға көбірек көңіл бөледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.