Екібастұзда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Қаладағы травматологиялық бөлімге жергілікті тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Онымен бірге ішімдік ішкен екі танысы да болған. Алайда олар дәрігердің ескертулеріне құлақ аспай, өздерін дөрекі ұстаған. Бөлмеден шығудан бас тартып, дәрігерге жұдырық жұмсаған. Араша түспек болған медбике де сол жерде соққыға жығылып, дене жарақатын алған. Айта кетейік, биылдан бастап еліізде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілген. Енді дәрігер мен фельдшерге және жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
АСЫЛБЕК ҚАЙРОЛЛАЕВ, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бөлмеден шығудан бас тартқан жастар дәрігерге соққы жасаған. Жағдайға араласуға тырысқан медбике де дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта екі медицина қызметкері де жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілердің үшеуін де ұстап қылмыстық іс қозғады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.