Қарағанды облысында бопсалау бабы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, 43 жастағы ер адам осы уақытқа дейін жекеменшік тұрғын үйдің арнайы жабдықталған жасырын жерінде бой тасалаған. Тергеу дерегінше, күдікті бұрынғы бизнес-серіктесін қорқытып, одан 117 миллион теңге бопсалаған. Тіпті сол қаражатты иемденіп алғаны да айтылады. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Полиция қылмыстық істің мән-жайын анықтап жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.