Президент төрт мемлекеттің елшісін Ақордада қабылдады. Кувейт, Моңғолия, Эль-Сальвадор мен Монако Княздігінің елшілері Мемлекет басшысына сенім грамоталарын табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Президент елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанына тоқталып, Қазақстан барлық елмен конструктивті әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған бейбіт және теңгерімді сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.