М. Әшімбаев: Қазақстанда жаңа партия құруға жол ашық

Қазақстанда жаңа саяси партиялардың құрылуына жол ашық. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев Сенатта мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматтар саяси ұйым құруға толық құқылы, бірақ барлық талап заң аясында орындалуы тиіс. Спикер елдің пропорционалды сайлау жүйесіне көшуі партиялық бәсекені күшейтіп, жаңа саяси күштердің пайда болуына серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ партиялар тек сайлау алдында емес, тұрақты түрде белсенді жұмыс істеуі қажет екенін жеткізді. Сенат төрағасы алдағы заңнамалық реформаларға да тоқталды. Қазіргі құрамдағы Парламент 1 шілдеге дейін жұмысын жалғастырып, бірқатар конституциялық заңды қабылдап үлгеруі керек. Олардың қатарында Президент, сайлау және Құрылтай туралы құжат бар.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Бірінші шілдеден бастап жаңа конституция күшіне енеді. Күшіне енгеннен кейін қазіргі форматтағы Парламент өзгеруі керек. Бір палаталы парламент болады. Әрі қарай да заң шығарушы орган жұмыс істеуі үшін біз Конституцияда көрсетілген уақыттың аясында сайлау өткізіп, Құрылтайды сайлауымыз керек. Қыркүйектен бастап, құрылтай жұмысын бастауы керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал