«Таңбалы тас» шатқалы мен Көшпенділер қалашығы қоқыстан тазартылды

Алматы облысындағы «Таңбалы тас» шатқалы мен Көшпенділер қалашығының маңайы қоқыстан тазартылды. Ақцияға қоғам белсенділері, жергілікті мәслихат депутаттары және еріктілерден құралған 150-ге жуық адам қатысты. Бір күннің ішінде 9 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылды. Іле бойы – өңірдегі туристер жиі келетін ең көрікті орынның бірі. Алайда табиғи аумақтың бүгінгі ахуалы алаңдатарлық. Өзен жағасында түрлі қоқыс бейберекет шашылып жатыр. Бұған қоса демалушылар «Таңбалы тас» шатқалындағы жартасқа жазып-сызып кеткен. Табиғи ландшафт пен тарихи кеңістіктің көркін бұзатын мұндай көрініс бұл аумақтағы экологиялық мәдениет мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал