ШҚО-да Ертіс өзенінің арнасы бекітіліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында Ертіс өзенінің арнасы бекітіліп жатыр. Осылайша Прапорщиково ауылын су тасқыны қаупінен қорғап қалмақ. Қазіргі уақытта жақын аумақтарды су басуда, соңғы 5 жылда жағалау 7 метрден астам шегінген. Жағаның опырылуын болдырмау үшін сорғы қондырғылары орнатылған жүзбелі кеме пайдаланылуда. Сорғылар топырақты сорып алып, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Осылайша қайраң жойылады. Сонымен қатар жардың үстінде қалып қойған жоғары кернеулі электр желілерінің де орнын ауыстыру қажет. Олар жағалаудан кемінде 20 метр қашықтықта қауіпсіз жерге көшіріледі.
НАТАЛЬЯ ШЕВЫРЁВА, ПРАПОРЩИКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бұл мәселені ертерек шешу керек еді. Егер биыл осы аралдарды алып тастағанда, мұндай проблема болмас еді. Соңғы 5 жылда жағалау 7-9 метрге дейін опырылды.

АЯН МАҚИЕВ, ГЛУБОКОЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Соңғы екі жылдағы жұмыстар оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда жағалау эрозиясы азайды. Гидро электр станциясынан су жіберілуіне байланысты үйінді аумағын ұлғайту жұмыстары басталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал