Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕГІ АТЫС
Павлодардың әскери бөліміндегі атыс пен сарбаз өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Бейнебақылау камерасы қойылып, цифрландыру жүріп жатса да, әскери бөлімдегі төтенше жағдай неге тыйылмай тұр?
АЛҒЫС ОРНЫНА ЖҰДЫРЫҚ
Екібастұзда медицина мамандары таяқ жеді. Бұзақылар енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дәрігерлердің жағдайы мен оқиғаның мән-жайын толық көрсетеміз.
ҚЫЛМЫСКЕР ӨЗ ҮЙІНЕН ТАБЫЛДЫ
117 миллион теңгемен ізім-ғайым жоғалған адам өз үйінен табылды. Ол жарты метрлік құпия бөлмеде бес жыл бойы тығылып жатқан. Күдікті қалай анықталды?
ЕМДЕУДІҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ
Инсультпен күрестің жаңа әдісі. Астанада жеті елден келген дәрігерлер тәжірибе алмасты. Медицина маманының біліктілігін арттыратын бірегей воркшоп емдеудің сапасын күшейтпек.
АЛҚЫЗЫЛ АСПАН
Қорғалжын қорығының аспанын мыңдаған қоқиқаз алқызыл түске бояды. Тұзды көл, мол азық пен тыныштық үшін құстар қайта оралды. Ғажайып көріністі бірге тамашалайық.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.