Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоциклші қаза тапты

Қарағанды облысында жол апаты екі бірдей адамның өмірін қиды. Оқиға Шет ауданындағы Ақадыр кентінде тіркелген. Куәгерлердің айтуынша, кешкі уақытта бір бағытта жүйткіген екі мотоцикл соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, 17 жастағы жасөспірім мен 37 жастағы жүргізуші сол жерде тіл тартпай кетті. Апат салдарынан зардап шеккен тағы бір мектеп оқушысы ауруханада жатыр.
БЕКЗАТ СӘУЛЕМБАЕВ, ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қарағанды облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықтан шектен тыс асырмауға және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әсіресе мотокөлік жүргізушілеріне қорғаныс құралдарын, яғни шлем, арнайы жабдықты міндетті түрде пайдалану қажеттілігін ескертеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал