Щучьеде қанға боялған ағынды су көлге құйылып жатыр

Қып-қызыл қан түстес ағынды судың бейнежазбасы Щучье маңында түсірілген. Бұл ет комбинатының кәріз құдығынан ағып жатыр деген пікірде тұрғындар. Оқиға былай өрбіген. Өткен жылы жергілікті тұрғынның жылқысы осы құдыққа құлаған. Өлексені алу үшін жабық люкті қазған. Бірақ жануар табылмай, техника құбырды жарып жіберген. Ал, құдық сол жердегі ет комбинатына тиесілі екен. Бақылаушы орган кәсіпорын қалдықты қалай және қайда төгетінін анықтап жатыр. Ал әзірге Бурабай коммуналдық қызметі құбырдағы ақауды жөндеп, құдықтың бетін бетон плитамен жауып тастады.
АСХАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, ЩУЧЬЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Құдықты қазып тексергенде жылқы табылған жоқ. Есесіне, құдықты ашамыз деп құбырды зақымдап алды. Кәріз құдығы жекеменшік кәсіпорынға тиесілі. Қазір құзырлы органдарға хат жолданды. Сонымен қатар «Бурабай Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнына қатысты тексеру жүргізіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал