Оралда асфальт жолдарды жамауға 400 млн теңге бөлінді

Бюджеттен 400 миллион теңге. Оралда көктем келсе, қармен бірге еритін асфальт жолдарды жамауға тағы да осыншама қаражат бөлініп отыр. Мердігер мекеме анықталып, таяу күндері жұмыс басталады деп күтілуде. Шұңқырлар жөнделіп, аялдама қапталып, жаяу жүргіншілер жолдары да осы жұмыс ауқымында қамтылмақ. Алдымен, орталық көшелер, содан соң екінші санаттағы көшелерді жөндеуге кезек келеді. Ал қоғамдық көлік көп қатынайтын көшелер түнгі уақытта жөнделмек. Осы мақсатта жалпы аумағы 49,5 мың шаршы метрді қамту көзделген. Қаладағы жолдар бұған дейін де талай жамалған. Алайда қысқа шыдас бермей, көктем туа таз қалпына қайта түседі. Жауаптылар жолдың сапасына жылда қатаң бақылау жасаймыз деп сендіреді.
АСЫЛЖАН ХАЙРУЛЛИН, ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Бұл жұмыстарды автомобиль жолдары секторының мамандары қадағалайды және мердігер мекеме жұмыстарын жасау алдында біздің тараптан нұсқаулық беріледі. Әр жұмыстың барысы нұсқаулық арқылы жүріп отырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал