Израиль мен Ливан 10 күнге атысты тоқтатуға келісті. Хезболла мен Израиль арасындағы уақытша бітім туралы Дональд Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында жазды. АҚШ президенті Дональд Трамп Ливан мен Израиль басшыларын Ақ үйге шақырып, келіссөз жүргізген. Соның нәтижесінде тараптар ортақ мәмілеге келген. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «Трамптың өтінішін ескердік» деп мәлімдеді. Ал Ливан парламентінің депутаты Хезболла келісім шарттарын қатаң сақтайтынын айтып, «Израиль де уәдесінде тұруы тиіс» деп ескертті. Дегенмен, бітім күшіне енсе де, Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде қала бермек. Ал Дональд Трамп бұл қақтығысты толық тоқтатуға күш салатынын жеткізді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.