Түркия жұрты Кахраманмараш қаласында болған мектептегі қарулы шабуылда қаза тапқан оқушылар мен мұғалімді бүгін соңғы сапарға шығарып салды. Жерлеу рәсіміне марқұмдардың жақын-жуықтарымен бірге, министрлер, жергілікті билік өкілдері және мыңдаған тұрғын қатысты.
Түрік телеарналарының хабарлауынша, 8-сынып оқушысы полиция қызметкері болып істейтін әкесінің қаруын мектепке алып келген. Ол 5-сынып оқушылары отырған екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған. 8 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты. Тағы 13 адам түрлі жарақат алды. Бесеуінің жағдайы ауыр. Ал шабуыл жасаған жасөспірім оқиғадан кейін алған жарақатынан көз жұмған. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Билік мектептердегі қауіпсіздік шараларын күшейтетінін мәлімдеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.