Қ. Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді. Жиынға Солтүстік Македония президенті және Грузия премьер-министрі де қатысады. Іс шараның модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу. Айта кетейін, Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал