Қазақстан мен АҚШ экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты талқылады. Келіссөздер Вашингтонда өтті. Оған Президенттің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі өкілі Ержан Қазыхан мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысты. Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде өткен «Қазақстан реформалар толқынында» атты дөңгелек үстелде жаңа бастамаларды таныстырды. Тараптар жалпы құны шамамен 20 миллиард долларға бағаланған бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастырды. Сонымен қатар Қазақстанда жол құрылысына арналған кеңейтілген бағдарламаны қаржыландыру жоспары сөз болды. Оның ішінде «Қарағанды – Жезқазған» және «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бар. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті нығайтуға уағдаласты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.