Алматыда «Ecosystems Forum 2026» шарасы өтті. Цифрлық экожүйелерді дамыту мәселесі талқыланған форумға ірі технологиялық компаниялардың жетекшілері қатысты. Бұл алаң – тек пікір алмасу орны ғана емес, нарықты үйлестірудің маңызды нүктесі. Мұндай басқосуларда цифрлық экономиканың болашағы айқындалады. Мәселен, Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турловтың айтуынша, бүгінде, Қазақстан тек әлемдік тәжірибені қабылдап қана қоймай, өзі де жаңа трендтер қалыптастыруда. Елде бірнеше қуатты экожүйе дамып, GovTech пен бизнес тоғысындағы бірегей шешімдер қабылдануда. Бұл саладағы бәсекелестік алға қарай дамуға жол ашады. «Әр платформа нарықты күшейтіп, пайдаланушылар үшін, құндылықты арттырады», — дейді шараға қатысушылар.
ТИМУР ТУРЛОВ, СЕО FREEDOM HOLDING CORP.:
– Менің ойымша, біздің ел әлемдік трендті айқындап, өте сапалы дүниені жүзеге асырып жатыр. Қазір біз шынымен де жаңа жобаларды ұсына аламыз. Яғни Ресей, Қытай тіпті Еуропада әлі жасалмаған озық жобаларды біз іске асыра бастадық. Дәл осы GovTech пен өнімдердің тоғысында бірегей шешім пайда болуда. Бұл – еліміздің басты артықшылығы. Қазақстан бұл технологияларды өзге мемлекетке қарағанда жылдам енгізіп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.