Шаруалар сиыр етінің бағасын 3 275 теңгеден көтермеуге келісті

Шаруалар сиыр етінің бағасын 3 275 теңгеден көтермеуге келісті. Билік пен сала өкілдері бағаны тұрақтандыру үшін осындай меморандум жасасқан. Құжатқа сәйкес, мал өсірушілер ішкі нарықты бірінші орынға қояды. Яғни ет алдымен ел ішінде сатылып, тапшылыққа жол берілмеуі керек. Бұдан бөлек, шаруалар экспортқа шығарылатын сиыр етінің кемінде 15 пайызы сауда желілері арқылы ел ішінде сатуға уағдаласты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі сұраныс толық жабылған жағдайда ғана экспорт көлемін ұлғайтуға рұқсат бермек. Ал Сауда министрлігі бағаны күнделікті бақылап, делдалдардың үстемеақысын назарда ұстайды.

НАЗИГҮЛ АЖМҰРАТОВА, САУДА КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Меморандумда келісі 3 275 теңге болып келісілді. Бұл – қосалқы құн салығын санамағандағы баға. Оның үстіне тағы да логистиканың бағасы және сауда орталығына жеткізу шығындары қосылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал