Өскеменде гидроэлектр станциясынан су жіберу көлемі екі-үш есе артты

Өскемен қаласында гидроэлектр станциясынан су жіберу көлемі екі-үш есе артты. Қазір бөгеттен секундына 1200 текше метрден астам су ағызылып жатыр. Соның салдарынан Ертіс өзенінің су деңгейі күрт көтерілді. Қалада жағалауға түсетін баспалдақтың өзін су басты, арал да су астында қалды. Алайда гидролог мамандар бұл жағдайды қалыпты деп бағалап отыр. Бұл – су тасқынының алдын алуға бағытталған қажетті шара. Осылайша, ең ірі Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейін төмендетпек. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 800-ден астам ірі және шағын өзен бар. Өңірдегі гидрологиялық жағдайды тиісті қызмет қас қақпай бақылап отыр. Қазір 55 гидробекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр.
ОЛЕГ ИЗОТОВ, ӨСКЕМЕН ГЭС БАСШЫСЫ:
— Табиғатты қорғауға арналған су жіберу бұл жыл сайын өткізілетін шара. Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін қажет. Өскемен ГЭС-і су тасқыны кезеңіне дайындықты күз-қыс айларында бастаған. Негізгі жабдықтарға жөндеу жүргізіліп, технологиялық басқару жүйелері тексерілді. Тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен су тасқынына дайындық актісіне қол қойылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал