Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТАС ЖОЛДАҒЫ ТРАГЕДИЯ
Үзілген ғұмыр. Мыжылған темір. Қарағанды облысындағы жол апатынан екі мотоциклші қаза тапты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Апатқа себеп не?
ҚАНДЫ КӨЛ
Щучьедегі экологиялық дау. Жоғалған жылқыны іздейміз деп кәріз құбырын жарып жіберген. Енді қанға боялған ағынды су көлге құйылып жатыр. Тұрғындар наразы, тексеріс басталды.
ШИЛІСАЙДАҒЫ ШӨЛ
Ақтөбеден небәрі 25 шақырым жердегі Шилісай жұрты төрт жылдан бері ауызсуға зәру. Тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр болған халықтың төзімі таусылды. Тұрғындар мұңын кім тыңдайды?
ДӘРІХАНАДАҒЫ ДАУ
Тегін дәрі теңгеге сатылған. Мемлекеттің есебінен халыққа төлемсіз берілуі тиіс 4 мыңнан астам препарат дәріхана сөрелерінде саудаланып келген. Тиісті дәрі науқасқа не жетпеді?
ТҰРАҚҚА ЖАҢА ТАЛАП
Самокатқа– тыйым, тұраққа – жаңа тариф. Астанада көлікті тұраққа қою ақысы сұранысқа қарай өзгермек. Жаңа ереже кептелісті азайта ма?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.