Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Теміржол саласы қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бірлесіп, «Нұрлы жол» вокзалының маңын тазалады. Аумақты абаттандыру ісіне біздің арнаның түсіру тобы да атсалысты.
Экологиялық акция аясында «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қызметкерлері мен «Сарайшық» ауданы Полиция басқармасының өкілдері күш біріктірді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық шарасына барлығы 120-дан астам адам атсалысты. Олар «Нұрды жол» вокзал маңын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Осылайға олар бірлескен еңбектің арқасында аумақты ретке келтіріп, тұрғындарға үлгі көрсетті. Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар қала тазалығын сақтауға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
ЕРМАХАН БАЙДӘУЛЕТОВ, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ВОКЗАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
– Сенбілікке 120 адам шықты. Алдымен, айналаны жинастырып, ағаштарды әктейміз. Біз басшыларымызбен бірге сенбілікке шығып, территорияның бәрін жинаймыз.
Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында өтті. Негізгі мақсат – қоршаған ортаны қорғау және қала тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Қазір осы акция аясында еліміздің барлық өңірінде көптеген экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мамандардың пікірінше, бұл шаралар экологиялық жауапкершілікті арттырып, әр азаматтың бойында туған жерге, табиғатқа деген жанашырлық әдебін қалыптастырады. Сенбілікке қатысушылар маңайды тазартып қана қоймай, осы игі істерін әлеуметтік желіге жариялады. Мұндағы мақсат – сенбіліктің маңызын әр тұрғынның санасына сіңіру.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.