Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Щучинскідегі палау орталығында болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Ол Астанадағы медициналық орталықта ем алған болатын. Бұл қайғылы оқиға ақпан айында болған еді. Газ баллоны жарылған кезде сол жерде 5 адам қаза тапқан. Тағы жеті адам ауруханада қайтыс болды. Қазір Ақмола облыстық ауруханасында тағы үш адам емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы жақсарып келеді. Сол күні жалпы саны 28 адам зардап шеккен. Өрт ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.
НАРИМАН ЕРМЕК, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханада Щучье қаласында зардап шеккен үш науқас әлі ем қабылдап жатыр. Барлық науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Олар комбустиология бөлімінде ем алып жатыр. Науқастардың өміріне қауіп жоқ, болжам қолайлы. Жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде науқастар жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал