Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргендер түрмеге ауыстырылды. Бұл туралы жергілікті Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады. Бұған дейін желіде олардың жазасын өтеу орнына әлі жіберілмегені туралы ақпарат тараған еді. Сол кезде марқұмның анасы Галина Легкодимова тиісті органдарға хат жолдаған. Біздің арнаның түсіәру тобы да жағдайды бақылауда ұстады. Сотталушыларды жөнелтетін арнайы қарауыл бөліну тиіс болатын. Бүгін олар төтенше қауіпсіздік мекемесі саналатын «Қара бүркіт» колониясына жөнелтілді. Еске салайық, өткен жылы Атырауда сот үкімі шығып, Яна Легкодимованы өлтіргені үшін Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.