АҚШ-тың Луизиана штатында ер адам 8 баланы атып тастады. Балалардың кішісі – 1-де, ең үлкені – 12-де. Оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған көрінеді. Полиция дерегінше, 31 жастағы Шамар Элкинс таң ата екі үйге барып, оқ жаудырған. Қаза болғандардың жетеуі – оның өз балалары, тағы бірі – туысының баласы. Оқиға кезінде екі әйел ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп отыр. Арасында күдіктінің әйелі де бар. Оқидаған кейін ер адам басқа біреудің көлігін мініп қашқан. Бірақ полиция қуып жетіп, оны атып тоқтатты. Күдікті бұрын АҚШ армиясында қызмет еткен. Ал 2019 жылы заңсыз қару ұстағаны үшін істі болған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.