Иран АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырудан бас тартып отыр. Ислам республикасының ақпараттық агенттігі келтірген дерекке сәйкес, Тегеран АҚШ-тың елге қарсы қойған әскери-теңіз блокадасына наразы. Сондай-ақ Ислам Республикасы Америка Құрама Штаттары тарапынан қойылған шектен тыс талаптарға да қарсы. Иран билігі өз ұстанымын келіссөздерге арағайындық танытып отырған Пәкістан тарапы арқылы жеткізіп, диалогқа тек шарттар өзгерген жағдайда ғана дайын екенін мәлімдеді. Егер одан бас тартса, келіссөз жүргізудің мәні жоқ екенін жеткізді. Бұған қарамастан, Исламабад келіссөздердің кезекті раундын алдағы дүйсенбіде өткізуді жоспарлап отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.