Өскеменде трамвай жүргізетін маман жоқ

Өскеменде трамвай жүргізетін маман жоқ. Соның салдарынан рельсті көлік кестеден кешігіп жүретін болған. Қалалық депода қазір небәрі 17 жүргізуші бар. Олар ауысыммен жұмыс істейді. Ал біреуі ауырып қалса немесе демалысқа шықса, кей вагондар мүлде жүрмей қалады. Қазір бұл мәселені шешу үшін мекемеде жедел оқыту қолға алынған. Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп, трамвай паркі 12 жаңа үміткерді оқытып жатыр. Барлық қажетті емтиханнан өткен соң, оларға 100 пайыз жұмысқа орналасу және 500 мың теңгеге дейін жалақы уәде етілген. Былтыр облыс орталығына 12 заманауи вагон сатып алынған. Тағы үшеуі маусым айында жеткізіледі.
ДЕНИС ФЕДЧЕНКО, ТРАМВАЙ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Кәсіпорнымыздың даму перспективасын ескерсек, басты мәселе – кадр тапшылығы. Қазіргі таңда осы түйткілді шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде жүргізушілерді оқыту және қабылдау жүріп жатыр.

АЛЛА ПРИЙМЕНКО – КУРСАНТ:
— Бала кезімнен трамвайға мінгенде бәрі қызық көрінетін. Қалай жүреді, қалай бұрылады. Ауылда тұрғандықтан, трамвай мен үшін бір ғажайып сияқты еді. Курстар бар екенін көріп, қатты қызығып, келдім.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал