Енді сарбаздар әскерде смартфон қолдана алады

Енді сарбаздар әскерде смартфон қолдана алады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, әскери қызметшілер ұялы телефонды өздерімен бірге казармаға алып кіре алады. Сондай-ақ, құрылғыны әскери госпиталь мен медициналық бөлімшелерде еркін пайдалануға мүмкіндік берілген. Алайда тәртіп те қатаң сақталмақ. Телефонды әскери бөлім аумағынан тыс жерге тек өшірулі күйде ғана алып шығуға рұқсат. Айта кетейік, бұған дейін сарбаздар тек батырмасы бар қарапайым телефон қолданатын. Оның өзіне белгілі бір уақытта ғана рұқсат етілген.
ЕРМЕК ҚАЛИЕВ, АҚПАРАТТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Бұл өзгерістер отбасы мен және жақындарымен байланыста болуға, өзін өзі тәрбиелеуге және бос уақытты пайдалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл өзгеріс әскерге деген заманауи көзқарастың көрінісі, жаңа буын әскерге шақырушылар смартфонмен бірге өсті. Ақылға қонымды шешім армияның өмір шындығына жақындатады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал