Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты орындала ма? | 20.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАРАЛЫ ХАБАР
Щучинскідегі палау орталығында болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Ол Астанадағы медициналық орталықта ем алған еді. Бұл қайғылы оқиға ақпан айында болған. Дәмханада газ баллоны жарылып, сол жерде 5 адам қаза тапты, тағы жеті адам ауруханада қайтыс болды.

8 БАЛА ОҚҚА ҰШТЫ
АҚШ-тың Луизиана штатында ер адам өзінің жеті баласын атып тастады. Тағы бір туысының баласы оққа ұшты. Оқиғаға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін. Оқ тиген екі әйел адам ауруханаға жеткізілді. Күдікті бөтен біреудің көлігін мініп қашқан. Полиция оны атып тоқтатты.

ЖОЛ САЛУДЫ СҰРАЙДЫ
Ақтөбе облысының азаматтары жергілікті билікке талап қойды. Аймақ әкімдігі жанында орналасқан жеке сектор тұрғындары қара жолға асфальт төсеп беруді сұрайды. Олардың жаңа жол салынуын күткеніне 4 жылдың жүзі болыпты.

СМАРТФОНҒА РҰҚСАТ!
Енді әскерде смартфон ұстауға болады. Қорғаныс министрлігі қатардағы жауынгерлерге, курсанттар мен кадеттерге ұялы телефон қолдануға рұқсат берді. Бұған дейін олар тек батырмасы бар құрылғы қолданатын. Әрі оның уақыты шектеулі еді.

ӨНЕРЛІ ӘЖЕЙ
Қыштан түрлі бейне жасап, ауланы әрлейтін қарағандылық әжейдің өнеріне көпшілік тәнті. Ол өзі тұратын ауланы кәдімгі галереяға айналдырған. Зейнетке шықса да, қарап отырмай, ескі кафельді кәдеге жаратып жүрген тұрғынмен тілшіміз сұхбаттасты.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал