Екінші атом электр станциясына Мойынқұм атауы беріледі

Елімізде салынатын екінші атом электр станциясына Мойынқұм атауы берілмек. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы мәлімдеді. Қазіргі уақытта үш ықтимал алаң зерттеліп жатыр. Оның алғашқысы – Балқаш маңы, екіншісі – Курчатов, ал үшіншісі – Батыс Қазақстан облысы. Түпкілікті шешім алдағы уақытта жарияланады. «Жалпы, бізге 3-4 станция қажет», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал