АҚШ президенті Тегеранмен бейбіт келісімге қол жеткізілмейінше, Иран порттарына қойылған блокада алынбайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шектеулер Иран экономикасына ауыр соққы беріп, ел күн сайын шамамен 500 млн доллар жоғалтып отыр. Трамп бұл шешімін АҚШ енгізген теңіз блокадасы толық күшінде қалатынын және ол тек бейбіт келісім жасалған жағдайда ғана тоқтатылатынын атап өтті. Иран тарапы Исламабадта өтуі тиіс бейбіт келіссөздердің кезекті кезеңіне қатысудан бас тартқан. Айта кетейік, АҚШ 13 сәуірден бері Иран порттарын теңіз арқылы бұғаттап отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.