Петропавлда өткелдің құрылысына бөлінген 2 млрд тг қолды болды

Петропавлда теміржол үстінен салынып жатқан өткелдің құрылысына бөлінген 2 млрд теңге қолды болды. Қаржылық мониторинг агенттігі жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тендерді ұтып алған компания басшысы атқарылмаған жұмысты қағаз жүзінде аяқтап, жалған акті рәсімдеген. Құжатты қалалық әкімдікке өткізіп отырған. Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен жалпы құны 270 миллион теңгеден асатын 24 автокөлік және арнайы техникаға тыйым салынды. Облыс орталығын Жұмысшы кенті ауданымен байланыстыратын бұл көпірдің құрылысы 2023 жылы басталған. Жұмыс бір жыл ішінде аяқталуы тиіс еді. Бірақ жоба әлі аяқталмаған. Қазір құрылысты басқа мердігер жалғастырып жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Мердігер ұйымның директоры тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен сөз байласа отырып, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер көрсетілген актілерді рәсімдеуді және қол қоюды ұйымдастырған. Осы құжаттардың негізінде мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған. Заңсыз әркеттердің салдарынан мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам залал келтірілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал