Жалына жабысқан кене жылқыны да сұлатқан. Бұл жағдай Ақмола облысы Жақсы ауданында болып отыр. Жаңа-Қима ауылында бірнеше жылқы тізерлеп, жүре алмай қалған. Сонымен қатар олар жем-шөп жемей мүлде жатып қалған. Жергілікті ветеринарлар жылқылардың мұндай күйінің себебін бірден анықтай алмапты. Кейін аудандық мамандар келіп, тексеру жүргізді. Олар ем беріп, қажет талдаулар алды. Мамандардың айтуынша, бұл ауру жұқпалы емес.
ВИКТОРИЯ ИМАНБАЕВА, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Жүргізілген тексеру барысында жылқының жалының астынан көп кене табылды. Айта кету керек, мал иелері де белсенді әрекет етті. Арнайы шұңқыр қазып, жылқыны дұрыс орналастыру арқылы артқы бөлікке түсетін салмақты азайтқан. Ветеринарлық қызмет тарапынан бактериологиялық зерттеу үшін қан алынды. Сонымен қатар бірден ем тағайындалып, жүйе қойылып, қажет дәрі-дәрмек, оның ішінде антибиотиктер енгізілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.