Атырау облысының Құрманғазы ауданында киік қырылып жатыр

Атырау облысының Құрманғазы ауданында киік қырылып жатыр. Осыдан 10 күн бұрын тұрғындар жазық далада жайрап жатқан 600-ге тарта ақбөкеннің өлексесін тауып, дабыл қаққан. Тұрғындардың айтуынша, жануарлардың өліміне кененің көбеюі себеп. Енді зиянкес жәндік төрт түлікке жабысса, шығынға ұшыраймыз ба деп алаңдайды шаруалар. Бірақ мамандар мұнымен келіспей отыр. Олардың пайымынша, киіктің қырылуы — былтыр туған лақтардың қыстан арып шығуы мен күзгі шағылыстан кейін әлсіреген текелердің табиғи күйіне байланысты. Инспекторлардың мониторинг нәтижесінде облыс аумағында шамамен 15 мыңға жуық киік шоғырланғаны анықталды. Бүгінге дейін 800-ден астам өлексе жиналып жойылды.
ӘЛІМ ТӘМЕНОВ, СҮЙІНДІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Киік деген жайрап жатыр. Қорада өзімізге кене шабады. Шешініп, жуынып кіреміз. Теке қырылып қалды. Қыс қатты болды. Мал да қырылды, жылқы да қырылды. Үлкендердің айтуынша, 1985 жылдан бері болмаған қыс екен,
АЛМАС ТАПАЛОВ, «ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚК БӨФ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Табиғи құбылыс деп айтамыз. Киік өзі сондай жануар. Жыл қатаң, қар қалың болса, киік малы әлсірейді. Сол себепті өздігінен өлу процесі болады. Биыл Атырау облысында көп факті тіркеліп жатыр. 13 сәуір күнгі есеп бойынша, 623 бас. Бүгінгі таңда жою, жинау жұмыстары жүріп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал