Қазақстан мен Моңғолия жаңа келісімге келді: әуе қатынасы мен сауда дамиды | 21.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ІРГЕЛЕС ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС
Ақордада Моңғолия Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл – Ухнаагийн Хурэлсухтың 20 жылдан кейін Қазақстанға жасап отырған мемлекеттік сапары. Кездесуде Мемлекет басшысы іргелес елмен байланыс артатынын айттты.

ИНКЛЮЗИВТІ САЯСАТ
Биыл мүгедектігі бар адамдарды еңбекпен қамтуға арналған квота екі есе артады. Ал пойыздарда ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арнайы вагондар енгізіледі. Үкіметте инклюзивті саясатты күшейту қарастырылды.

ЖЫЛҚЫ ЖҮРЕЛЕП ҚАЛДЫ
Ақмола облысының Жақсы ауданында біраз жылқы жүрелеп қалды. Жануарларды жалына жабысқан кене сұлатқан болуы мүмкін. Ветеринарлар жем-шөп жей алмай, жүдеп қалған жылқыларды емдеп жатыр.

КӨПІРДІҢ АҚШАСЫН ЖЕГЕН
Петропавлда теміржол үстінен салынып жатқан өткелдің құрылысына бөлінген 2 млрд теңге қолды болды. Қаржылық мониторинг агенттігі жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды.

ЕКІНШІ МҮМКІНДІК БЕРІЛМЕЙДІ
Енді түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырмайды. Оқуға түсу үшін өткізілетін сынақта екінші мүмкіндік берілмейді. Ғылым және жоғары білім министрлігі келер жылдан бастап ережеге осындай өзгеріс енгізбек.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал