Мектептегі жанжал: қыздардың төбелесі қоғамды шулатты

Астанада оқушылар арасында төбелес шықты. Қыздардың жанжалы әлеуметтік желіде тарап, қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Ата-аналардың айтуынша, төбелестен кейін мектеп әкімшілігі бірден оқушылардан видеоны өшіруді талап еткен. Ал әлгі оқушылар мектепішілік есепке алынып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Білім ордасының әкімшілігіне сөгіс жарияланды. Жанжалға қатысы бар оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал