Балабақшадағы қатыгездік: тәрбиешілер балаларды ұрған

Балабақша тәрбиешісі мен күтушісі 3 жастағы балаларды ұрып-соққан. Күш қолдану дерегі бейнебақылау камераларының жазбасы арқылы әшкереленді. Оқиға Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы «Болашақ» бөбекжай-балабақшасында болған. Бейнежазбада қызметкерлердің балаларды жұлқылап, желкеден тартып, оларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны анық көрінеді. Осыны көрген 12 ата-ана балабақша меңгерушісіне және білім басқармасына шағым түсірді. Бұл жағдай бойынша тексеру басталды. Оның қорытындысы шыққанша қызметкерлер уақытша жұмыстан шеттетілді. Заңбұзушылық расталса, кінәлілер жауапқа тартылады.
АЯНБЕРГЕН БАШАНОВ, ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша жан-жақты тергеу жүргізілуде. Тергеу аяқталғанға дейін екі қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді. Кез келген заңбұзушылық фактісі расталған жағдайда ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң шаралар қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал